📌 Жаттауға жеңіл сүрелер 📌
Аудармалары:
Әл-Фатиха сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын,
1.Барлық мақтау бүкіл әлемнің рәббиі Аллаға тән,
2.Аса қамқор, ерекше мейірімді,
3.Қиямет күннің иесі!
4.Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз:
5.Бізді тура жолға сала көр,
6.Нығыметке бөленгендердің жолына!
7.Қаһарыңа ұшырағандардың жолына емес!
Әл-Ихлас сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1. (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Аллаһ, біреу ақ.
2. Аллаһ мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж)
3. Ол тумады да, туылмады.
4. Әрі оған ешкім тең емес.
Әл-Кәусәр сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік.
2. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал.
3. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.
Ән-Нас сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,»
2.«Адамдардың иесіне,»
3.«Адамдардың Тәңіріне,»
4.«Сыбырлап азғырушының кесірінен,»
5.«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»
6.«Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.
Әл-Фалақ сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын,»
2.«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»
3.«Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,»
4.«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»
5.«Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.
Әл-Аср сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.Заманға серт.
2.Негізінен адам баласы зиянда.
3.Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.
Ән-Наср сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде;
2.Адамдардың, Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің.
3. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Алла, тәубені өте қабыл етуші.
Әл-Фил сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?
2.Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?
3.Оларға топ-топ әбәбил құстарын жіберді.
4.Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты.
5.Осылайша Аллаh желінген топан тәрізді қылды.
Құрайш сүресі
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
1.Қурәиштың бейбітшілігі үшін,
2.Олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі,
3.Сондықтан олар осы үйдің (Кағбаның) Раббына құлшылық қылсын.
4.Ол, оларды аштықтан тамақтандырып, қауіп қатерден аман қылған.